Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғаттан нәр алып...

Мақсаты: оқушыларды табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
• Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
• Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
• Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд - презентация, бейнеролик, кеспе қағаздар, ойыншықтар
Шаттық шеңбері:
Әр түрлі жануарлар болып бір - бірімен амандасу
Үй тапсырмасын тексеру
«Алтай» әңгімесі бойынша сұрақтарды талдау
1. Алтай өлкесінің сұлулығын мәтін арқылы сезіне алдыңдар ма?
2. Өр Алтай, Асқар Алтай, асқан Алтай дегенде қандай сезімді аңғардыңдар?
3. Табиғат тамашасын сезіну адамға не үшін қажет?
4. Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады?
5. Табиғат әдемілігі мен адам көркіне тамсану бірдей сезіле ме?
Дәйексөз
«Қыстағы қар жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.» Мақал
Жаңа ақпарат
Оқулықта берілген жаңа ақпаратпен танысу, талдау, ой түю.
Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады.
Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады. Адамның табиғатпен етене жақындасуы сұлулықты сезіндіріп, бойыңа күш - қуат қосып, шығармашылыққа жетелейді. Осылайша адам табиғаттың ғажайып күшін түсініп, оны аялап, әлпештеуге үйренеді.
Шығармашылық жұмыс
«Су», «Топырақ», «Ауа» болып үш топқа бөлініп, «Адам үшін қайсысы маңыздырақ?» деген сауал бойынша пікірталас өткізу
Тыныштық сәті
Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.
Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіру немесе суреттеу.
Дәптермен жұмыс
1 - тапсырма
Табиғатқа қандай сыйлық беретініңді, неліктен ол сыйлықты тарту ететініңді түсіндіріп жаз.
Жүректен жүрекке
Пікірді жалғастырып айту
1. «Табиғат – мен үшін қуаныш, өйткені...»
2. «Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені...»
3. «Табиғат – мен үшін шығармашылық, өйткені...»
Оқушыларға таратылған алма пішініндегі қағазға жер - анаға деген ризашылықтарын жазып, оқып, сыныпта тұрған ағашқа алма іледі. (Ән ойнап тұрады).
Қорытынды.
Кері қайту
Ілмек сөздер: өзін-өзі тану, табиғат
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×