Сайтқа кіру Тіркелу

Рухани-адамгершілік тәрбиесі

Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие керек,
тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы.
Әбу Насыр Әл - Фараби

Ұстаздың Білім беру үрдісінде адамның үйлесімді даму міндеті тек әлемдік және ұлттық мәдениеттің үлгілерін құндылықты меңгеру арқылы ғана шешілетіні анық, өйткені тұлғаның бойында дүние танымдық және мінез - құлықтық бағдарламалардың қалыптасуы білім беру сапалы болғандығын білдіреді.

Қазіргі таңда осы мәселе, яғни келешек ұрпақтың адамгершілік рухани құндылықтарын дамыту арқылы білім беру мәселесі алға қойылып отыр.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуының, өзін - өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.

«Өзін - өзі тану» пәнінің басты мақсаты - рухани-адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді адамды тәрбиелеу. Тіпті Абай өз заманында былай деген екен: «Білім мен ақыл - ойды сақтайтын қойма - адамның мінезі. Білімді сақтайтын берік қойма болмаса, оқудан пайда болмас». Ал тәрбиенің негізі дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеп өсіру.

Рухани - адамгершілік тәрбие баланы мейірімділікке, әдептілікке, отаншылдыққа, өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзін - өзі жетілдіруге, табиғатты сүюге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт - бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге үйретеді.

Осы қасиеттерді үйрететін пән мұғалімі балаларға жылы жүзбен қарайтын, мейірімді, адамгершілігі мол, балаларды баурап алатындай маман болуы керек. Сонда ғана бала жүрегі мейірге толып, осы пәнді сүйіп, өмірге деген қызығушылығын танытып, айналасындағылармен жан жылуын бөлісе алады.

Міне осындай үйлесімділік болған жағдайда бізден үлгі алатын, жан - жағына мейіріммен қарайтын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азаматты тәрбиелей аламыз. Баланы жан - жақты дамытуға, өзінің ішкі дүниесін тану арқылы өмірдің мәнін пайымдайтын, жалпы адамзаттық құндылықтарға ие бола алатын ұрпақты тәрбиелеуге ат салысқанымыз артық болмас. Қазіргі кезде қоғамда жоғалып бара жатқан адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, татулық, бірлік, бірін - бірі кешіре білу, төзімділік сынды құнды қасиеттерімізді толықтай жоғалтып алмас үшін келешегімізді ойлайтын болсақ, жас ұрпаққа жақсы істер атқарып, үлгі көрсете білуіміз керек.

Осыған түрткі болатын «Өзін - өзі тану» пәнінің сабақтарында қолданылатын тәсілдер: әңгімелесу, шаттық шеңбері, тыныштық сәті, өзіммен - өзім, мәтінмен жұмыс, сабақтың дәйексөзі, жаңа ақпарат, түйіндеме, жағдаяттарды талдау, ой толғау, шығармашылық жұмыс, сахналау, сергіту сәті, ойындар, тренингтер, бейнефильмдерден үзінді көрсету, жүректен жүрекке т. б оқушының өзін, өзгені, айналасын тануына, өз бойына жан - жақты тұлғалық қасиеттерді дамытуға ықпал етеді. Әсіресе, оқушылар сабақ барысында еркін отырып, бір - бірімен еркін пікір алмасып, өз ойларын білдіріп, жағдаяттарды шеше білуге, бірін - бірі тыңдауға үйренеді. Мектебімізде «Өзін - өзі тану» пәні аясында ашық сабақтар, сыныптан тыс іс – шаралар, ата - аналармен жұмыс өткізіліп тұрады. Мектеп оқушыларының бұл пәнге деген қызығушылықтары өте жоғары, барлық іс - шараларға белсенділікпен қатысады.
Тәрбие көзі болатын аңыз - әңгімелер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ұлылардың ұлағатты сөздері, ақын - жазушылардың еңбектері, түйінді сөздер, жаманнан жирену, жақсыдан үйрену «Өзін - өзі тану» пәннің өзегі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда баланың мінез - құлқын қалыптастырып, жеке тұлға ретінде терең тәрбие береді, жас ұрпаққа - адами жолды үйретеді, өзіне - өзі деген сенімділігін қалыптастырады, шығармашылыққа, өзіндік пікірінің, ойының болуына көмектеседі, өз ісіне баға бере алуға үйретеді, ең бастысы адамгершілігі мол, өз шешімін қабылдауға, өмірдің мәнін түсінуге көмектеседі.
Қорыта айтқанда, баланың қазіргі қоғамда өмір сүруі үшін адамгершілік қасиеттерді игеруі, оның бойына осы қасиеттерді дарытуы барысында «Өзін - өзі тану» рухани – адамгершілік пәнінің алатын орны ерекше.

Абдешева Г. К
Өзін - өзі тану пән мұғалімі
Түркістан облысы, Созақ ауданы,
Тайқоңыр елді мекені
Т. Момбеков атындағы ЖОМ
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тұлғаның адамдық негіздері

Тұлғаның адамдық негіздері

Сабақтың міндеті: Білімділік: Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын...
Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік – асыл қасиет

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады....
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен...
Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпа ...

Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпа ...

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...
Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары

Баланың рухани-адамгершілік құндылықтарға көзқарасын қалыптастыру жолдары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті Ыбырай Алтынсарин атындағы № 204 мектеп Есназарова Жанат Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×