1 сынып
№4. Тақырып: «Тәртіп пен парыз»
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Тәртіпті болу, білім іздеу, кешірімшіл болу, адамдарға риясыз қызмет ету;
Сабақ мақсаты: «Тәртіп» пен «парыз» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - Оқушыларға тәртіп пен парыз туралы түсінік беру;
- Өзін тәртіпті ұстауға қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру;
- Ізгілікке, бірін – бірі сыйлауға тәртіпті жүруге тәрбиелеу;
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
ІІ. Дәйексөз.
«Тәрбиелі – тәртіптің құлы.
Тәртіпті – елдің ұлы»
Бауыржан Момышұлы
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)
ІІІ. Әңгiмелеу
«Алғыс»
Мәдіхат Төрежанов
• - Неліктен барлығы алғысты басқаларға айту керек деп шешті?
• - Балалар бұл оқиғадан қандай сабақ алды?
• Сендер кімге және нелерге алғыс білдірер едіңдер?
• Адамның қандай парыздары бар?
• Адам неліктен парызын дұрыс орындауы керек?
• Әркім өз парызын қалай өтеуі тиіс? Неліктен?
• Оқулықта «Жаңаны білеміз» айдарында берілген мәтінді оқып талдау.
ІҮ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 – тапсырма
Суреттерге қараңдар. Олардың алдындағы парыздарың туралы әңгімелеп беріңдер.
2 – тапсырма
Суреттерге қараңдар. Олардың қасиеттері туралы айтып беріңдер.
Сұраққа жауап беріңдер.
• Олар өз қасиеттерін жоғалтса не болады?
3 – тапсырма
«Ата – баба мұрасын қастерлеу – ұрпақ парызы» дегенді қалай түсінесіңдер? Айтып беріңдер.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Шардара ауданы, Құрманғазы Сағырбайұлы
атындағы жалпы орта мектебі
Абуева Гулбану Егизбаевна
Тәртіп пен парыз жүктеу
Тәртіп пен парыз
- aiboll
- 3 қараша 2019
- 10935
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тәртіп пен парыз, өзін өзі тану 1 сынып ашық сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Адал достық. Д. Матайқызы
өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту; мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымаққа тәрбиелеу;...Өзіңмен үйлесімді өмір сүру
Өз – өзімен үйлесімді өмір сүру туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларға үйлесімді өмір сүру туралы түсінік беру;...Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Оқушылардың бір-бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту; Жомарттық және кішіпейілділік, кеңпейілділік сапаларын дамыту;...Қамқор болып өсемін
Оқушыларға «қамқорлық» ұғымын, қамқорлықты қалай жасауға болатынын түсіндіру...Әсемдікке ұмтылайық
Ақтөбе қаласы, №55 орта мектептің мұғалімі Р. Шауменова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.