Сен әлі серіксіз бе едің, Серіксіз бе едің, Құрбыжан? Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған. Жападан-жалғыз, Жауатын күндей тұнжырап, Жүресің, құрбым, He істеймін саған? Қынжылам.
Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей.