Сағындым ғой, саялы тау арасы,
Сағындым ғой, жанымды дауалашы!
Көрсетпестен, көк шалғын, көміп таста.
Қарағайлы қалың ну, қамалашы!
Жапырағын жамылтып, гүлің төсеп,
Бірің жастық болсаңшы, бірің төсек.
Екеумізге, ерке өзен, жараспай ма,
Тыным алмай күн бойы күбірлесек?
Мұрша берме ойлауға, сарқырама,
Қысыр ойды түгесші, сарқып ада.
Тасқа біткен бір шоқ гүл, кеудеме біт
Таста нең бар мейрімсіз, қалтырама
Сағындым ғой тауымның көк белдері,
Қанжығаңа байла да, бөктер мені.
Құздар, мені мәңгілік тұтқыныңа ал,
Асу берме, қияның өткелдері.
Таулар, таулар,тауларым, тауларым-ай!
Сағынысып қаппыз ғой, тарланым-ай!
Таудағыдай еш жерде күн шықпайды,
Түн болмайды еш жерде таудағыдай!
Сағындым ғой
- ramuk_b
- 17 қазан 2018
- 1363
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сағындым ғой өлеңі, Мұқағали Макатаевтың шығармашылығы, өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Біздің жақта
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар....Сол шақтар
Ойлайсың ба, менің асыл ғашығым, Өткен шақтың отты-жалын жасынын? Бақ-талайға жарай ма ол мәңгілік, Баққа ораған болып келіп басы мұң....Сұрайтыным
Қайырылма, құйындаған күндерім, Түнере бер, тыншу берме түндерім. Жылдарым да, іздеп келме жоғалған, Оралмай - ақ қойшы жастық – тым керім....Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген....Пай, пай! Пай!
Сағындым-ау, сағындым-ау! Талықсып, тар төсекке таңылдым-ау! Қапыда қалтылдаған жаным мынау, Жаратқан, нағылдым-ау, нағылдым-ау?!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.