Сен әлі серіксіз бе едің,
Серіксіз бе едің,
Құрбыжан?
Өтіпті-ау айлар, еріксіз жылдар жылжыған.
Жападан-жалғыз,
Жауатын күндей тұнжырап,
Жүресің, құрбым,
He істеймін саған?
Қынжылам.
Жаңа жарылған,
Жауқазын едің көктемде
Жылысып жазың өткен бе?
Лапылдап тұрған,
Жалын едің ғой өрт-кеуде,
Тәйір алғырлар,
Танымай сені кеткен бе?!
Өмірде мына,
Тап болар талай тосын жай,
Өмір - өмір ғой,
Өмірдің заңы осындай.
Бірі -Батыста,
Бірі -Шығыста,
Жарқ етіп, сөнген жасындай,
Өтуі мүмкін, жақсы мен жақсы қосылмай.
Серіксіз бе едің, құрбыжан?
- ramuk_b
- 17 қазан 2018
- 1239
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Серіксіз бе едің, құрбыжан өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:

Іңкәрлік пе едің?
Іңкәрлік пе едің? ізеті жаннан өшпеген, құштарлық па едің, от болып бірге кешпеген? Қаламның ұшы – сағынышыммен боялып, Тағы да, міне, мазалап отыр...
Досым Жанысбекке ескерткіш
Кетіп қапсың, Жанысбек, жылды күтпей, Тұлпарыңды соңғы рет бір жүгіртпей. Жазды күнгі теңіздей толқып, шалқып, Өмір кешіп жүруші ең бір жігіттей....
Гүлі едің аялаған ата-ананың
Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....
Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Ай, Абылай сен он бір жасыңда Тұрымтайдай ұл едің. Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің....
Бақытты бол
Өр көңілім саған қарай сүйреген, Әнім едің шырқай салған кештерде. Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен, Терезеден сенің шамың өшкенде....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.