Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей.
Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем,
Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей.
Мен-дағы сол жақтанмын,
Ауылданмын,
Ауылдың ауруымен ауырғанмын.
Өзіңді Мәскеу қалай қабылдаса,
Алматы мені солай қабылдады.
(Менің де өкіндіре өткенім көп)
Атқа міндім, алысып, теппедім доп.
Мен-дағы малды сүйем, итті сүйем,
Інімнің маңдайынан шерткенім жоқ.
Шаршағанда ширығам шарап ішіп,
Саған ұқсап менің де жанады ішім.
Құлағыма сыбырлап «құран» оқып,
Иектейді мені де «Қара кісі».
Мен де сендей, Серега, күнәдамын,
Жыр азабын тартамын, тіл азабын.
Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам,
Қайда барсам - қасымда Рязаным...
Әй, Сергей!
Сергей, Сергей, Сергей, Сергей!
Бір ауылдан екенбіз мен де, сен де.
...Басым сынып барады, басым сынып,
Жөндесем де болмайды, емдесем де.
Сергей Есенинге
- ramuk_b
- 17 қазан 2018
- 1338
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сергей Есенинге өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы
Ұқсас жаңалықтар:
Әділет туралы ұлағатты сөздер
Заманның көз сал халіне. Халқыңның ойла пайдасын, Өзің үшін налыма... Басыңды тік бәйгеге,...Баға, бағалау туралы ұлағатты сөздер
Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме. Әзілхан Нұршайықов...Қабілет туралы ұлағатты сөздер
Адамдармен қарым - қатынас жасай білу – ол қант немесе кофе сияқты сатып алуға болатын тауар. Сондықтан мен сондай қабілетке дүниедегі басқа...Құндылық туралы ұлағатты сөздер
Бiздiң халқымыз үшiн тұрақтылық, келiсiм, теңқұқылық басты құндылықтар екенiн әрдайым ұстау керек. Нұрсұлтан Назарбаев...Есіңе мені алғайсың
Жезқазған қаласы № 10 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Казангапова Венера Орынбековна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.