Іздесең мені кімде-кім,
Қаладан іздеп жүрмегін!
Үйіме де іздеп кірмегін!
Аязды боран, ақ таудың
Арасында өмір сүргемін.
Солармен мәңгі біргемін.
Жетелеп мені ілгері,
Күндерім менен түндерім,
Төсек caп қардан бір керім,
Қарыма құрық ілгемін.
Іздесең мені кімде-кім,
Сол жерден келіп бір көрін!
Ақ түтек ашық ақпанда,
Ақ сайда жылқы баққанда,
Құрықты шаншып ақ ңарға,
Аспанға қарап тұрам мен,
Құс жолы - Болашақтарға,
Қар теуіп жылқым жатқанда,
Рахат одан шақ бар ма?!
Керек қой күзет өмірге
Дүние ұйықтап жатқанда...
Ақ қырау шалып тұлымын,
Кісінеп қойса құлыным,
Кетеді бойым жылынып,
Бүлк етіп менің жұлыным,
Айтамын, айтам қайталап,
Тұлпарлы жердің ұлымын!
Ракетадан кем емес,
Шаншылған менің құрығым!
Сондықтан асау ңылығым...
Қашырар құтын ұрының!
...Іздесең мені кімде-кім,
Бұл жерден іздеп жүрмегін!
Аязды ақ қар түндемін,
Ақ тозаң боран күндемін,
Тұлпарларыммен біргемін,
Іздесең мені кімде-кім,
Сол жерден келіп бір көрін!
Тұлпарларыммен біргемін
- ramuk_b
- 17 қазан 2018
- 1554
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тұлпарларыммен біргемін өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Сұрайтыным
Қайырылма, құйындаған күндерім, Түнере бер, тыншу берме түндерім. Жылдарым да, іздеп келме жоғалған, Оралмай - ақ қойшы жастық – тым керім....Сына мені, сына тағы, сынап бақ
Хақ - тағалам, маған қатты ұнайсың! Сұқ көзіңді менен сыртқа бұрмайсың. Басқаларға батпай қойды бармағың, Мені ғана, мені ғана сынайсың....Ана туралы тақпақтар
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген - бәйтерегі өмірдің....Жалғыздық
Бұл дүниенің жүзінде Айдан көркем нәрсе жоқ - Түнде бар да күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ - Күндіз бар да түнде жоқ....Қара сөздер. Абайдың он екінші қара сөзі
Кімде - кім жақсы - жаман ғибадат қылып жүрсе, оны ол ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, әйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.