Неге жыламасын?!
Бәрісі де жылаған.
Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған.
Түнек болып келе жатқан тажалға,
Аттануда, аттануда тірі адам.
Жылап жатыр.
Өбісуде еріндер,
Жыламаған жалғыз ғана кебір - жер.
Жылап жатыр үйленбеген күйеулер,
Жылап жатыр үйге енбеген келіндер.
Боздақтарын аттандырған шақтарда,
Боздап еді-ау, боркемік боп қарттар да.
...Бір орманның бір түп өндір шыбығын
Тиеп алып, күнбатысқа тартты арба.
- Ал енді сен азаматсың! - деп маған,
Арбасына отырды да кетті ағам.
Тағы да бір қайрылмас па екен деп,
Тозаңдатқан қара жолды бетке алам.
Қайрылмады.
Олар ұзап барады.
Ән естілді.
Әлдиледі даланы.
Қарап тұрмын.
Құйын болып ағады
Қара жолмен
Көршіміздің Жанары.
(Талай рет хат апарып бергем-ді)
Тани кеттім үйге енбеген жеңгемді.
Қайсар қыздың қайсарлығын ел көрді,
Қайсар қыздың қылығына ел көнді.
Қайран аға!..
Қайсар жанды таңдапты.
Қарсы ұшты.
Жұрт күрсінді салмақты.
Екеуінің араларын шаң жапты,
Екеуінің ортасында жау жатты.
Неге жыламасын?!
- ramuk_b
- 17 қазан 2018
- 1823
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Неге жыламасын өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жатыр өлеңі
Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр, Кілтін өнер-білім ашып жатыр. Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп, Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр....Ақылды әйел
Күйеуінен көңілі қалған əйел жылап отыра кетті....Қаршақыз бен түлкі
Ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олардың баласы да, немересі де жоқ екен. Қар бұрқырап қыс та түсіп, белуардан омбылай жауыпты....Екі бөшке
Көшеде екі Бөшке келе жатты, Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты. Ішінде заты бары жай аяңдап, Салдырлап келе жатыр босы қатты....Жылау туралы ұлағатты сөздер
Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ. Әзілхан Нұршайықов...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.