Сен шақырсаң, мен бармай,
Мен шақырсам, сен келмей,
Төбелескен жандардай,
Ерегескен елдердей,
He көрінді біздерге?
Heгe бұлай, апыр-ау!?
Бірін-бірі іздеуде,
Біздің көңіл, батыр-ау!
Мейлі жүрек жыласын,
Тереңдесін батқан мұң.
Алауыздық сынасын,
Арамызға қаққан кім?
Ренжіттің мені сен,
Ренжіттім мен сені.
Өмірімнің өрісі ең,
Өзімнен де еңселі.
Пай, пай!
Неткен уайым!
Бұлдыраған сағымдай.
Көңіліміздің лайын,
Құрғатар жан табылғай...
Сен шақырсаң, мен бармай
- ramuk_b
- 17 қазан 2018
- 1081
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сен шақырсаң, мен бармай өлеңі, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Сұрайтыным
Қайырылма, құйындаған күндерім, Түнере бер, тыншу берме түндерім. Жылдарым да, іздеп келме жоғалған, Оралмай - ақ қойшы жастық – тым керім....Мұқағалиға арнау
«Ақынмын» деп тарсылдатар кеудесін, Мені жұртым, мейлі, «ақын» демесін. Жазғаныма сын айтып, ұнатпасаң Кешіріңдер, Мұқағали емеспін....Дос болам десең
Дос болам десең, Досымды сыйла, қымбаттым! Досыңа сонда, Досыммен ғана қымбатпын....Менің кішкентай күнім
Көтеріп сені батырып, көтеріп сені шығарам, Кішкентай күнім, сенсіз мен өмір де сүріп шыдаман. Кішкентай күнім, сені мен арқалап жүріп айығам,...Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?
Неңді сенің аңсаймын, бала шағым? Бұлдыраған айналаң ала сағым. Ала сағым ішінде - болашағың, Болашағың болашақ алашағың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.