Түйе мойнын тұз кесер, Жігіт мойнын қыз кесер, Сартылдаған сары аяз, Жылқының мойнын мұз кесер. Бұлан да бұлан, бұлан сан, Бұланның санын оқ тесер, Бұландап жүрген жігіттің Жомарт қолын жоқ кесер!
Әр нәрсе шағымызда болып жатқан. Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық, Тастаңыз жамандықты толып жатқан, Құрметті ел билеген хакімдер де Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан.
Сертінің ұрлап қара атын, Жазықсыз киып қанатын, Жапанда жаяу қалдырып, Жайым жоқ қарғыс алатын. Ел арасын егер қып, Ойым- жоқ шұрқан салатын. Қоныстан елді бостырып, Неміз бар енді шабатын! Өлең мен сөзді дос қылып, Құрамын ақын санатын!