Өтірік өлең айттым да, қызға жақтым,
Кұмырсқаның асауын қойдай бақтым.
Асауын шегірткенің ұстап мініп,
Тау-таудан тарбаңдатып түлкі қақтым.
Бір қоянға міндім де, аспанға ұштым,
Екпініне шыдамай, жерге түстім.
Алты күндей ақ боран соғып еді,
Жалғыз қурай түбіне ас қып іштім.
Дүниеде ауыр екен үрген қарын,
Жалғыз өзім көтердім соның бәрін.
Атандарға үш төстеп артып едім,
Көтере алмай, жығылды, жануарым !
Бұл дүниеде бек ауыр үрген қуық,
Жалғыз өзім көтердім аузын буып.
Қара шіркей шыбынға арба салдым,
Ондай мықты көрмедім өзім туып.
Бір қарсақты жаратып, базар міндім,
Құлағынан берік басып әзер міндім
Екі хамбал үстіне теңдеп алып,
Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.
Базарға барайын деп, борсық міндім,
Өзім жаяу болған соң, қорқып міндім.
Екі хамбал астыма мата теңдеп,
Қара жолдың үстінде борт-борт желдім.
Торғайдың атым үрікті қу басынан,
Тышқанының аркан естім шудасынан.
Отыз кісі бір қаншыр ұстап алып,
Астау-астау ет жедік ер басынан.
Маса деген бір әділ пакыр екен,
Имансыз сона деген кәпір екен.
Үйіне инеліктің кіріп барсам,
Ас беріп әкесіне жатыр екен.
Түбінен жау қияқтың ердің басы,
Көнектей көбелектің жұмыртқасы.
Базардан өзім барып алып келдім,
Қаншырдың шаңырақтай омыртқасы.
Өтірік өлең айтсам да, келісі бар
Сары масаның сабалық терісі бар.
Бөгелектің биесін байлаймын деп,
Өрмекшінің он құлаш желісі бар.
Міндім де инелікті, сона қудым,
Сонаны үш күн, үш түн қона қудым.
Төс етіне сонаның жерік болып,
Тіліне сол жеңгемнің бола қудым.
Кеп маса қу кәдеге құт құйыпты ,
Көбелек: «Даулымын!» - деп, жұрт жиыпты.
«Ол дауына мен өзім болмаймын!» - деп,
Көлбақа суда жатып, тырбиыпты.
Өтірік өлең
- ramuk_b
- 19 желтоқсан 2018
- 1416
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өтірік өлең, Өтірік өлеңі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Ұқсас жаңалықтар:
Ақсеркеш
Бір атты сатып міндім елу беске, Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке. Бозбала, бекер сал боп неге керек, Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке"....Жер жүзін топан басса екен
Жер жүзін топан басса екен! Асқар таудан асса екен! Таудай толқын құтырып, Улы көбік шашса екен!...Тазшаның қырық өтірігі
«Кімде - кім алдыма келіп, кідірмей - мүдірмей, бір өтірік әңгіме құрастырып айтып өтсе және артынан қырық ауыз өтірікті өлең қылып айтса, сол адамға...Шыбын
Отырмын бір мал айтып, көңілім тасып, Сол малды айтып сойып, көңіл басып. Малдың етін таратып, жеп жатқанда, Балалар түйе баққан келді сасып....Сергей Есенинге
Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.