Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы,
Жігітті жібермейді малдың азы.
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді,
Тыятын болмаған соң мықты қазы.
Сөзі бар замандастың терісқақпай,
Жарассашы бір-біріне айтқан назы,
Тұйғынға күшігендер ауыз салып,
Жем болды қарға, ұзаққа қоңыр қазы.
Басшымыз ел пайдасын сөйлемейді,
Білгіштер бұл жұмысқа емес разы.
Көптен-көп іздегені бүліншілік,
Қанша айтып таусылмайды еш аразы.
Әлі жоқ аңқылдама түсер жарға,
Айтпаса, қайдан білсін, ел сабазы.
Әлі жүр біздің қазақ надандықта,
Қор болып сол себептен өнерпазы.
Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы
- ramuk_b
- 18 желтоқсан 2018
- 1274
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы, Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы өлеңі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Сонарда
Қаңтарда ма, ақпанда ма, Із кесіп, қан сонарға аттанғанда, Қарайсың қырқаларға, қапталдарға, Қарайсың ақ қағаздай жатқан қарға....Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап, Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап. Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап....Қарға туралы мақал-мәтелдер
Екі сұңқар таласса, Бір қарғаға жем түсер. Тозған қазды Топтанған қарға алады....Қазақтың жеті санға ерекше көңіл бөлгені
Жеті жетекші: 1. Адамның басшысы - ақыл 2. Жетекшісі - талап 3. Жолаушысы - ой 4. Жолдасы -кәсіп 5. Қорғаны - сабыр 6. Қорғаушысы - мінез 7....Жеті қазына
Балалар, Сағи қайда? Ол Қазына іздеушілер фильмін өте жақсы көретін еді ғой. Тағы да қазына іздеуге кеткен болар. Мен мына қазына толы сандықшаны...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.