Еділ, Жайық - екі өзен,
Талсыз болар деймісің.
Көкшетаудың көп көлі
Елсіз болар деймісің.
Бота көзді бойжеткен
Жарсыз болар деймісің.
Абылай қонған кең қоныс
Елсіз болар деймісің.
Еркін жайлап қонған соң,
Малсыз болар деймісің.
Тұлпар туған құлыншақ
Ерсіз болар деймісің.
Тебінген тепкі тиген соң,
Терсіз болар деймісің,
Алқынған арын баспайтын
Өрсіз болар деймісің.
Орын тапқан ер жігіт
Жерсіз болар деймісің.
Орда тігіп орнаса,
Торсіз болар деймісің!
Еділ, Жайық - екі өзен
- ramuk_b
- 19 желтоқсан 2018
- 1704
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еділ, Жайық - екі өзен, Еділ, Жайық екі өзен өлеңі, Ақтамберді жыраудың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қазтуғанның қонысымен қоштасуы
Ел қияға қонғай ма? Еділ, Жайық арасы Кеңшілік қоныс болғай ма?! Ебей басты құба үлек...Дос іздеген Бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды...Саусақ туралы мақал-мәтелдер
Саусағы ұзын - биші болар, Құлағы үлкен - күйші болар. Саусағы сыналаса, Жұдырығы да жайласады....Жағалбай деген ел болар
Жағалбай деген ел болар, Жағалтай деген көл болар. Жағалтайдың жағасы Жасыл да байтақ ну болар....Ат - жігіттің майданы
Ат - жігіттің майданы, Қылыш - жанның дәрмені, Өлім - хақтың пәрмені. Атақты ермен бірге өлсе, Жігіттің болмас арманы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.