Тiрлiк пен денсаулықта – баста бағым,
Онан соңғы дәулетім – тiл мен жағым.
Құдай берген он екi мүшелерім,
Өз өнерім өзіме – алтын тағым.
Алты алашқа жайылып кеткен атым,
Жүрген жерім - ду базар, қылып хатым.
Ұстаз пiрдiң һүмматы болып жәрдем,
[Бiр] ұшсам, кете берем, бар қанатым.
Баянауыл: Қызылтау - өскен жерім,
Кiрім жуып, кiндiгім кескен жерім.
Қалам, сия, қағазды қолыма алсам,
Келер қоршап бойыма ғайып пiрім.
Айдабол мен Күлiктен - шыққан затым,
Мәшһүр деген – бiр лақап, Жүсiп - атым.
Орта бойлы, қой көздi, пiтiр(пiти) мұртты,
Аққұба, бидай өңдi қиапатым.
Жылым - қой, тоғыз беске келiп жасым,
Жарастықты, көрнектi сақал, шашым,
Жел қайықтай жел сөзге есушi едім,
Тұрған күнде: “домалап өрге тасым!”
Әкем Көпей - жетпiс үш жасында өткен,
Дiн жолына жас күнде бiздi үйреткен.
Өзi жастай тариқат жолын iздеп,
Әбiлқасым ишанға қызмет еткен.
Бабамыздың аты екен - Шермұхаммед,
Құдайға - құл, нәуиге(нәбиге) болған үмбет.
Балаларын оқуға сүйрейдi екен,
Екi қолдап жетелеп, қылып һүммет.
Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы
- ramuk_b
- 19 желтоқсан 2018
- 1065
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы, Мәшһүрдiң өзiн таныстыруы өлеңі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Әулие Мәшһүр Жүсіптің астрологиялық болжамы
Жемтік үшін жан қинап, таласпа құр, Босаға мен төріңді аласта бір; Адамзатта болмаған алтын заман Келе жатыр Алладан Алашқа бұл....Он бес деген жасым-ай
Он бес деген жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырма деген жасым-ай, Көлге біткен құрақтай....Қол-аяғым бұғауда
Қол-аяғым бұғауда, Тарылды байтақ кең жерім! Арманда болып барамын, Қоштасуға аял жоқ, Қалқаман, Шолан ерлерім!...Отан
Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебінің 4"Б" сынып оқушысы Орманова Дана...Ақсуым – ару қалам, асқақтаған
Ақсу қаласы, Үштерек ауылының орта мектебінің 9-қазақ сынып оқушысы Төлеуқызы Мадина Өзімнің жүрегімнен жарып шыққан бұл өлеңді өзімнің туған жерім -...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.