Ешкім білмейтін байлық құпиясын білгіңіз келе ме? Онда төмендегі кеңестерге құлақ салыңыз.
Американдық Майкл Роуч 20 жыл ғұмырын Тибет монастырында өткізген. Емтиханнан сүрінбей өткен соң ұстазы оған табыс құпиясының кілтін ұсыныпты.
Ол төрт - ақ қадамнан тұрады:
1. Мақсатты айқындау.
2. Дәл сондай мақсаты бар адам табу.
3. Оның сол мақсатқа жетуіне шын көңілмен көмектесу.
4. Ұйықтар алдында сол адам үшін қуану.
Түк қиын емес. Бұл адам бойындағы іштарлық, менмендік, қызғаныш сынды көптеген жаман қасиеттерді жояды екен.
Ол үшін өзіңнен бұрын өзгелер үшін қуана алу керек. Бар көмегіңді көрсетіп, нәтижеге жеткізу керек.
Дәл осы жолмен ол көк тиынсыз мультимиллионер болған. Дәл осы жолмен мыңдаған шәкірті нәтижеге жеткен.
Ал жалғыздықтан құтылғың келсе, жалғызбасты байғұс адамға көмектес. Барынша қызмет қыл деп кеңес береді мульти - миллионер.
Қалай, жасап көреміз бе? Сіз үшін қиын емес пе?
Бай болудың 4 құпиясы
- ramuk_b
- 16 қараша 2019
- 1474
- 0