Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.
Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық,
Тастаңыз жамандықты толып жатқан,
Құрметті ел билеген хакімдер де
Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан.
Бас салып зарлы, мұңлы, кем-кетікті
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.
Әркімді арбауына түсірем деп,
Түлкіше сол құйрығын бұлаңдатқан.
Жүзіме көрінгендер көз салар деп,
Өн бойын тоты құстай сылаңдатқан.
Жатырмыз біз қараңғы ұзақ күнде,
Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан.
Желкелер старшының бейшараны,
Таба алмай кедей ақша, жапа тартқан.
Ұлыққа кімнің сөзі жете берер,
Осындай жұмыстар бар толып жатқан.
Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан
- ramuk_b
- 18 желтоқсан 2018
- 923
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан, Қызыл гүл жасарсайшы солып жатқан өлеңі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Аштық пен тоқтық
Жұтта аштан өлгелі жатқан атамыз "біздер жақсы уақытта өмір сүріп жатырмыз, ұрпағымызға қиын болады" деген екен....Қандай
Туғандар, жүрген қандай, жатқан қандай, Жатқан сайын жамбасқа батқан қандай? Ақ нұрды жарқыраған от деп ұғып, Білмей жатып таспенен атқан қандай?...Ұзатылайын деп жатқан қызға
Ешнәрсе ойламайды қыз жасында, Атаның бұлғақтайды ортасында. Қадірі ата - анаға ұлдан артық, Бөтеннін тең көрмейді мырзасына....Кітап туралы жұмбақтар
Қабат - қабат қаптама, ақылың болса таптама. Ұзын - ұзын ұсқауын, Ұзынына кім жетер? Шұбар ала күйкентай, Шұбарына кім жетер? Кітап...Жетпіс жұмбақ №4 Абдрахман Асылбек
Бір зат бар тілі жоқ, Ал, сөзінде міні жоқ. (Хат)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.