Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп,
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам жоқ.
Кәрі ақсайды ақылдан,
Ер ақсайды жақыннан,
Қазір әлсіз болсам да,
Үмітім бар ақырдан.
Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кеңеске,
Бұғана қатып, бел бекіп
Ерегескен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске!
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде кұрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, Құдай, тілекке!
Салпаң да салпаң жортармын,
Сары азбанға қосымды артармын.
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айрылман.
Сыртым құрыш, жүзім болат,
Тасқа да салсаң, майрылман!
Жағама қолдың тигенін
- ramuk_b
- 19 желтоқсан 2018
- 2385
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жағама қолдың тигенін, Жағама қолдың тигенін өлеңі, Ақтамберді жыраудың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Он бес деген жасым-ай
Он бес деген жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырма деген жасым-ай, Көлге біткен құрақтай....Киім туралы мақал-мәтелдер
Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде. Көне киім жаңаны сақтайды, Кәрі кемпір баланы сақтайды....Ақтамберді жырау
Ақтамберді жыраудың өмір жолынан мәлімет беру. Оқушыларды жыраудың толғаулары арқылы ерлікке, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ақынның...Сарыұлы Ақтамберді жырау
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)...Жиембет жырау
Жиембет жырау әрі әскербасы, әрі әйгілі ақын болған. Қазақ жерін жаудан қорғауда талай ерлік, батырлық көрсеткен. Ақын поэзиясынан оның ерлік, өрлік...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.