Отыз жасқа аяқ бастың гүлім менің,
Құтты болсын бүгінгі туған күнің.
Жарқырасын жұлдызың күлім қағып,
Сәттілікте жалғасып әрбір күнің.
Құлпыра бер жан қызым гүл көктемдей,
Айналаны самал жел тербеткендей.
Қуанышын сыйлай берсін отыз жасың,
Биіктерге жетелесін өрлеткендей.
Арманың мен мақсатың орындалсын,
Сәттіліктер жүрісінен жаңылмасын.
Алла өзі жар болып қызым саған,
Жақсылықты өзіңе беп қабылдасын.
Авторы: Жібек Ысқақова
30 - жас, қызыма туған күнге тілек
- ramuk_b
- 8 мам 2022
- 7027
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қызыма туған күнге тілек, 30 жасқа тілек, құттықтау, тілек, мерей той
Ұқсас жаңалықтар:
30 - жас туған күнің құтты болсын!
Орда бұзар отыз жасың келді міне, Құтты болсын бүгінгі туған күнің. Жаңа жасың бақытқа бөлей берсін, Қуанышта, шаттықта шығып үнің....Ұлым, 30 - жасың құтты болсын!
Отыз жаста есіктен еніп жатыр, Құтты болсын ұлым-ау туған күнің. Орда бұзар жасқа да аяқ бастың, Қуанатын, шаттанатын күнің бүгін....30 - жас туған күніңмен жаным (әйеліме туған күнге тілек)
Туған күнің құтты болсын жаным, гүлім, Шаттанатын, қуанатын күнің бүгін. Отыз жасқа толып жатсың қадам басып, Тереңіне жайылып өмір гүлің....30 жас сіңілім туған күніңмен
Аппақ жүзің жадырап баурап алар, Жан сіңілім құтты болсын туған күнің. Отыз жасың өміріңе еніп отыр, Қуандырып, шаттандырып жаным бүгін....Інім туған күніңмен: 30 жас мерей тойға тілек
Жан бауырым орда бұзар жасқа келдің, Құтты болсын бүгінгі туған күнің. Жаңа жасың жақсылығын сыйласын тек, Сәтті болып, тәтті болып әрбір күнің....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.