Сайтқа кіру Тіркелу

Жалғызсырап мен барда жүрсің неге?!

Жалғызсырап мен барда жүрсің неге?!

Күнімдейсің,
Көктегі айымдайсың,
Іштей жеуден өзіңді тайынбайсың.
Жүрегіңді қинайсың сонша неге?
Мен тұрғанда несіне уайымдайсың?

Сөзге ерме,
Құр босқа арандайсың,
Қайғы-мұңнан арылтшы санаңды-ай шын.
Істеріне Дүниенің пысқырмашы,
Мен тұрғанда несіне алаңдайсың?

Айтшы, неге бұл күнде алшақ жүрсің?
Жұрт күлмей ме жатсынып қалсақ, құрсын?!
Болмайтынды уайым қып құр бекерге
Мен тұрғанда несіне шаршап жүрсің?

Құпиясын бақыттың білердеймін,
Бізге бәрі СӘТТІЛІК тілер, деймін.
Қадамыңды нық басшы алға қарай,
Мен тұрғанда несіне үрейлендің?

Күңіренбе,
Күнім, сен күрсінбе де,
Жай-күйімді жұрт мынау білсін, деме.
Таудай болып қасыңда жүргем жоқ па,
Жалғызсырап мен барда жүрсің неге?!
Санжар Ғұлама
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×