Сайтқа кіру Тіркелу

Ана, қыз, әже, әпке, әйел туралы тақпақтар

Анашым
Құстар келіп көктемде
Ағаштар да гүлдеді.
Қырдан теріп қызғалдақ
Апам үйге әкелді.

Анам кетсе жұмысқа
Анашымды сағынам.
Құлағына сыбырлап
Анама арнап ән салам.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы,
«Құлыншақ» балабақшасы «Ақжелкен» тобының
Тәрбиеленушісі: Сейтматулла Жаннұр
Жетекшісі: Танжарикова Жанат Таяубайқызы

Анашым
Анашым менің анашым,
Өзіңсің менің данашым.
Ардақтаймын өзіңді,
Ардақты, асыл анашым.

Сен барда мен қорықпаймын,
Айтқаныңнан шықпаймын.
Асыл қазынам анашым,
Сенен бірде - бір зат тықпаймын.

Гүлісің сен өмірдің,
Мені аялап өсірдің.
Өмірдің сәні сенсің ғой,
Қателігімді кешірдің.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы,
№121 жалпы орта мектебінің
6 - сынып оқушысы: Бейсенова Аружан
Жетекшісі: Коскараева Гульнар Набиевна

Анашым
Айналайын анашым,
Қандай жақсы әлемде,
Мейірімді көзіңе,
Қызығады әр бала.
Айналайын күнім деп,
Еркелетіп өсірген.
Анам менің әліде,
Тең келмейді ешкімге.

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Өрікті ауылы,
Б.Майлин атындағы орта мектеп КММ
3 «а» сыныбы Абдураман Кәусәр
Сынып жетекші: Арипшаева Гулира Мухтаровна

Менің қамқоршыларым
Білім керек маған
Адамзат болсам егер де.
Аташым айтар ақылын,
Ақылыма ақыл қосармын.
Әжем мейірімге бөлейді,
Адамгершілікті санама сіңдіремін.
Әкешім менің қамқоршым,
Әрқашан қолдау көрсетеді.
Анашым айтар мақтанып,
Қайда жүрсе шаттанып.
Барлығының қамқорлығы,
Алға мені жетелейді.

Шымкент қаласы,
№83 ЖОМ 4 «Г» сынып оқушысы
Бисенбеков Мухаммедали Қуанышұлы
Жетекшісі: Апрежова Сапаркул Орынбасаровна

Анашым
Анашым асылым, ардағым,
Сізге мен ән арнадым.
Мақтанышым әрқашан.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Шаршамаған ешқашан.

Анашым
Жылылық шашқан күнімсің,
Шуағын шашқан балаңа.
Бір қуат алады өзіңнен
Сағат сайын сан бала.

Өзіңсің өсір тірегім,
Аман жүрші анашым.
Жарқырай берші жайнашы
Тілейді соны балаң шын.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
Жанбай ауылы,
Х.Наубетов атындағы орта мектептің
2 «а» сынып оқушысы: Нұрболатұлы Нұрбақыт
Жетекшісі: Махмутова Алия Сиражиденқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×