Анашым
Анашым менің анашым,
Мәпелеп өсірген сен едің.
Мейірімің қандай керемет!?
Анашым менің анашым.
Анашым аяулы адам сен едің,
Серігі болған біздердің.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Қамқоршы менің анашым.
Анашым асыл адам сен едің,
Біздерді бесігіңмен тербедің.
Аялаған біздерді
Ардақты анашым сен едің.
Аяулы анашым
Өмір сыйлаған анашым,
Өзіне мен ризамын.
Аяулы менің анашым
Қайда жүрсем де сағынамын.
Аялаған алақаның,
Мандайымнан сипағаның
Мен бақытты баламын.
Өскен соң, бағамын,
Алғысыңды аламын!
Анашым
Менің анам ардақты,
Алтыннан да салмақты
Жақсы көріп баласын,
Мәпелейді анашым
Жақсылыққа шақырып,
Жамандықтан тыяды.
Мейіріммен тәрбиелеп
Иман нұрын құяды.
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№42 жалпы білім беретін мектептің
3 "ә" сынып оқушысы: Нартан Айша
Сынып жетекшісі: Бакторазова Айгерим
Ана туралы тақпақ
Мәпелеп мені өсірген
Аяулы менің анашым
Жамандықтан жирен деп
Жақсылықтан үйрен деп
Үйреткен мені анашым.
Анамды мен сыйлаймын
Айтқанын оның тыңдаймын.
Айтқан тілін аламын
Мен анамдай боламын.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Ән - саз жетекшісі Ходжекеева Гулханым Амандосовна
«Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі: Амандық Айсұлтан Есболұлы
Анашым
Әлпештеген анашым,
Сен данасың, дарасың,
Мәпелеген баласын,
Сен – ардақты анасың!
Сүйемін сені анашым,
Өсірген ерке баласын!
Сүрініп, құлап жатса егер,
Жарасын таңып жатасың!
Аман бол, мәңгі анашым,
Сыйлайды сені балашың!
Бақытты болсаң егер де,
Бақытты балаң, анашым!!!
№17 И. И. Трубицын атындағы орта мектеп - гимназиясының
5 «Д» сынып оқушысы: Агаев Анар
Жетекшісі: Умаралиева Гульназ Амангельдиевна
Ана туралы тақпақтар жинағы
- ramuk_b
- 8 ақпан 2022
- 1696
- 0
- 0
Ілмек сөздер: ана туралы өлеңдер, тақпақтар, қыз, әже, анашым, әпке, әйел жайлы тақпақ
Ұқсас жаңалықтар:
Анашым
Анашым! Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам. Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам....Джинайтова Дильнозаның жазған өлеңдері
Ұстазым Ұстазым деген - мейірбан, Ұстазым деген - ізгі жан. Ақылшым менің ұстазым, Ұстазым деген - қамқоршым....Оқушылар шығармашылығы
Ана Анам менің ақылшым ғой ардақты, Ана деген ардақты ғой салмақты. Ана деген мейірімді қамқоршым, Аяулы менің анашым....Өлеңдер жинағы
Байзақ ауданы, Көкбастау ауылы, Амангелді атындағы орта мектебінің 4 а сынып оқушысы Нұрмаш Сымбат Болатбекқызы Жетекшісі: Гүлжазира Тайтиева...Мектеп
Атырау обылысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, Абай орта мектебінің 2 «С» сынып оқушысы Қапсихқызы Дильназ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.