Мықты әйел
Мықты әйелді Анам деп айтар едім,
Жан анашым болмаса қайтер едім?!
Анам менің барым да, бар байлығым-
Әке орнына кей кезде байтерегім!
Ана үшін бар өмірі бала емеспе,
Бала әкел деп бұйырған Алла емеспе.
Жаратқанның жарлығын бұлжытпастан,
Орындаған ол біздің АНА емеспе!
Иығына ананың артқан жүгін,
Алпыс атан мойындар батпандығын.
Толағай да тарта алмас тау көтерген,
Анашымды жырлауға, аттан, жырым!
Шабытымды, Жаратқан, шайқа менің,
Ақыныңның арынды байқа демін.
Жаза алмасам жалын жыр жан анама,
Келген жаққа қайтадан қайтар мені.
Биғали Шоман
Мықты әйел
- ramuk_b
- 6 желтоқсан 2020
- 2803
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мықты әйел, Мықты әйел туралы өлең, Биғали Шоман өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Мықты әйел...
*Мықты әйел боламын деп жүріп, көз жасыңды ешкімге көрсетпей, ішке жұттың. *Мықты әйел боламын деп күндіз - түні еңбек еттің, аз ұйықтадың....Анама хат
Өзіңді, анам, өмірде Ренжіткен жерім көп. Әжем «келін» дегенге Мен де жүрдім «келін» деп. Кейде шексіз еркемін....Менің арманым (шығарма)
Менің де өз арманым бар. Менің арманым ата - анамның дені сау, бақытты болғаны. Олар аман болса, менің көп армандарым орындалады деп сенемін....Бадувалова Аружанның өлеңдері
Ана Анам менің ақылды, Анам менің мейірбан. Ана сен маған қымбатсың, Өмірдегі жан анам. Бақыттымын мен балаң, Күліп жүрші жан анам, Саған бақыт...Оқушылар шығармашылығы
Ана Анам менің ақылшым ғой ардақты, Ана деген ардақты ғой салмақты. Ана деген мейірімді қамқоршым, Аяулы менің анашым....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.