Сайтқа кіру Тіркелу

Жадырап күн нұрымен қыран көгі

Жадырап күн нұрымен қыран көгі.
Талайды тамсандырған Тұран жері.
Даласы егер дархан болмаса Алла,
Қазақтың пейілін кең қылар ма еді.

Болмаса Қаратаудай қазыналы,
Төле би үш жүзіңді сұрар ма еді.
Тұлғасы Оқжетпеске ұқсамаса,
Абылай басымызды құрар ма еді.

Тартпаса Шыңғыс тауға жыр Абайдың,
Тұлғасы таудай болып тұрар ма еді.
Тартпаса Жамбыл тауға Жамбыл бабам,
Шыңыңа шынар болып шығар ма еді.

Көркіне көз тоймаған Сәкеннің де,
Көкшемен сұлулығы сыңар ма еді.
Аспарадай асқақтап абыройы,
Түркі үшін топқа түскен Тұрар ма еді.

Алмаса Алатаудан асқақтықты,
Қонаев талай сынға шыдар ма еді.
Ер Бәукең Жуалыда жаралмаса,
Терістей текті болып туар ма еді.

Оралхан өр Алтайдан шықпаған да,
Заманы заңғар ұл деп ұғар ма еді.
Қазығұрттай қазына Шәмшінің де,
Менің елім әндері шығар ма еді.

Тумасаң Маңғыстауда Әбіш аға,
Санаңа сәулелі ойлар тұнар ма еді.
Өзіне ұқсап тудырған перзенттерін,
Қазақтың жері неткен құнарлы еді!
Олжас Отар
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×