Сайтқа кіру Тіркелу

Жеңісім

Жеңісім

Кейде адаммын,
Ал, көбіне пендемін,
Құдай болмай,
Кейде сезім – сенгенім.
Іздегенде інілікке ізгіні,
Қас қылғандай таптырмайды емге мін.

Ағадан да жаға таппай тұрақтар,
Құйып жатыр ертең семер бұлақтар.
Өмір деген терең теңіз, тұңғиық –
Жауабы жоқ шексіз қиын сұрақтар.

Алдануға әзір тұрам ылғи да,
Осы мінез шығармайды ылдидан.
Деп ойлаймын бар адамды өзімдей,
Жақын тартып жақсылыққа нұр құйған.

Күллі ісіне бермей қойсам келісім,
Күлбілтелер, мойындамай мені шын.
Тасадағы таланғанда бір итке,
Сол ғой менің,
Ең жоғарғы жеңісім!

Биғали Шоман
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×