Аясаңшы, қараша
Есік қақты Қараша Қазан кетіп,
Тұнжыраймын тағы да мазам кетіп.
Жетімсіреп қалыпты - ау айдын көлім,
Аққу, үйрек, тырна мен қаздар кетіп.
Сарғайыпты бөктерде сары дала,
(Мұңайғанға әмәнда - бәрі нала)
Сылқым жырға бір барып қайтпақ едім,
Суық күндер қырын тұр әлі маған...
Келмесімді сылқым жыр білген болар,
Сары бақта сарғайып жүрген болар.
Жыршының да қадірін жабыққанда
Санасына мықтап ол ілген болар.
Табиғаттың құбылды қылықтары,
Сезімдердің есігін құлыптадым.
Сағындырып кеп тұрып қараша - күз,
Салқын жүзін неге бір жылытпады...
Тәуекелге бел буып шығып келсем,
Толыса ма жырға ада жырық кесем.
Алтын күзге жазар ем тәуір өлең,
Ыңғайыма Қараша ырық берсе.
Биғали Шоман
Аясаңшы, қараша
- ramuk_b
- 3 қараша 2019
- 2114
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Аясаңшы, қараша өлеңі, Биғали Шоман өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жағалбай деген ел болар
Жағалбай деген ел болар, Жағалтай деген көл болар. Жағалтайдың жағасы Жасыл да байтақ ну болар....Күзге байланысты өлеңдер
Армысыздар халайық, Бармысыздар халайық Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық....Күз - береке, күз - мереке
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының «Балауса» тобының тәрбиешісі Кішкенбаева Зухра Ахметханқызы...Алтын күз
Атырау облысы, Атырау қаласы, М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қаратаева Ботагөз Жолдасқызы...Күз сыйы
Атырау қаласы, Томарлы селосы, "Шағала" бала бақшасы Куанышева Г.Х. Тақырыбы: «Күз сыйы» Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.