Жігітке жарамайды ызақорлық,
Дауысқа келмесе де, еттім зорлық.
Бозбала, басқа білсең, осы әнге бас,
Аңызым жаңа шыққан орынборлық.
Қолыма алып бердің, қу қарағай,
Не болды даусым саған сарғанамай.
Күлмеймін, ойнамаймын десем - дағы,
Барады өтіп дәурен бір қарамай.
Домбыра алдым қолға сегіз перне,
Қызығы бұл шіркіннің тартқан жерде.
Қолға алып әрлі - берлі тартқанымда,
Жаны жоқ кеудесінде адам дерге.
Орынбор
- ramuk_b
- 16 қыркүйек 2019
- 1215
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Орынбор, Орынбор өлеңі, Біржан сал Қожағұлұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ақсеркеш
Бір атты сатып міндім елу беске, Болмайды, шапсаң - дағы қара кешке. Бозбала, бекер сал боп неге керек, Салып қал, шын сал болсаң, "Ақсеркешке"....Құдірет бар домбыра ішегінде
Құдірет бар домбыра ішегінде, Қолыма алып қаққанмын мүшелімде. Мен онымен қияға көтеріліп, Мен онымен тереңге түсемін де....Егіннің бастары
Бір адам жас баласын жанына алды, Екеуі сайран етіп кетіп қалды. Қыдырып әрлі-берлі жүрді дағы, Егінші егін еккен жерге барды....Болыс болдым мінеки
Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап....О, табиғат, өкпелімін өзіңе
О, табиғат, өкпелімін өзіңе, Арамсаққа жалтыратып сөз бердің. О, табиғат, өкпелімін өзіңе, Қызғаншаққа жалтыратып көз бердің....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.