(жігіт сөзі)
Сезім сәттің айтсақ та оңай ұранын,
Өмір бір күн тоса қояр сұрағын -
Дедің-дағы, сол сезімнің Сен бірде
Биігі мен тауы не деп сұрадың.
Жанарларда қандай сыр бар бүгілмек,
Меңзедің бе сол жаныма үңіл деп.
Сенім дедің сосын тауы сезімнің,
Қос жүректе қатар тұрып білінбек.
Сол биікті қанша-дағы аңсарсың,
Сеніміңе бірақ та өзге тамсансын.
Сезіміміз жүректерден өріліп,
Таудан ағар өзен болып ән салсын.
Әрқашанда сол сенімнің күшін ұқ,
Алу үшін махаббатты түсініп.
Шын сезімнің тауы асқақ болады,
Сол биіктен алма дедің түсіріп.
Көңіл шығын таң шапағы жұбатып,
Арман жолдың адалдығын ұнатып,
Махаббатты өмір жолда сынатып
Содан бері жылжып өтті уақыт.
Талай мәрте ұшырасып сынаққа,
Ортақ арман салса да әнін жырақта.
Серт семсері сынбады да, биіктен
Сенім жүгін түсірмедік бірақ та.
Демесек те үлкен сынға бара қал,
Айтпасақ та мүлде өзгеше бола қал.
Асқақтаттық сенім шыңын, бұл күнде
Желбірейді көгінде қыз орамал.
Бірде түлеп, бірде арманда торықтым,
Сен де арманды қайта таптың, жолықтың.
Желбіреген қыз орамал биіктен
Махаббаттың туы екен, соны ұқтым.
Сезім сыры бүгін бізге бағалы,
Ортақ арман күліп әнін салады.
Асқақ көктен қол бұлғасын сенімдер,
Жығылмасын махаббаттың жалауы!
Жығылмасын махаббаттың жалауы
- ramuk_b
- 16 қыркүйек 2019
- 1312
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жығылмасын махаббаттың жалауы, махаббат туралы өлеңдер, Ғабиден Қожахмет өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жұбайлар тілегі
Екеумізде арман да ортақ, бірге үміт, Жанымызға жуытпаймыз бір күдік. Сен алыстан оралғанда үйіңе, Шаңыраққа бірге енеді күн күліп....Перзенттерінің аналарына тілегі
Өсіп-жетілдік сенім бағында, Сенімнің бағы - ана мейірімі. Күндерді осы сенің барыңда Санаймыз, ана, өмір сыйлығы....Жүректе жатыр бар кінәм...
Шағала құстай, теңізді аңсап, шарқ ұрам. Сағыныш емес, Жанымды өрті шарпыған., Өкініш емес, өрт болып бойда өрілген, Өлеңді сүйген жүректе жатыр бар...Мен сені жүретінмін мақтан көріп
Мен сені жүретінмін мақтан көріп, қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып. Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін, жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің....«Аға!» - дедің, бұрылдым
«Аға!» - дедің, бұрылдым Ұп-ұзын екен бұрымың. «Аға!» - дедің, қарадым: Жарқылдап тұр жанарың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.