Жиып алып балғын шәкірт достарды,
Салтанатты сәтке бөлеп жас жанды.
Мектептердің қоңырауы қағылып,
Тағы, міне, білім күні басталды.
Сыңғырлы үнге жас балдырған тамсанды,
Ата-ана да осы күнді аңсар-ды.
Қол жеткізген жетістіктер еленіп,
Келешекке жоспарлар да жол салды.
Екшеп алып дұрысы мен бұрысын,
Күтеді деп тағы қандай ұлы сын.
Әз ұяда басталады сабақтар,
Естіледі ауласынан күміс үн.
Шәкірт бойда болады әр кез сан қылық,
Солар барда болашаққа жанды үміт.
"Апай, апай, мен айтайын!" деген үн,
Тұрады енді сыныптарда жаңғырып.
Әуелейді білім атты асқар ән,
Осы жолда қандай сынақ тоспаған.
Жас мамандар кіреді алғаш именіп,
Барі солай еңбек жолын бастаған.
Білім қымбат, оны жұрттар біледі,
Жетелейтін ұстаз соған үнемі.
Шәкіртімен достарындай сырласқан
Сенсің, Ұстаз, мектебіңнің жүрегі.
Қосылсыншы білім атты сырға сыр,
Өзгерсе де уақыт атты жыл, ғасыр.
Білім жалғар дәуірлердің арасын,
Білімдіні ұнатады бұл ғасыр.
Осы жолға ұмтылады бүгін жұрт,
Келешектен асқаралы ұғым күт.
Азат елдің арманы да - осында,
Азат елдің аңсары да - білімді ұлт.
Ғасырың бар тоса қояр сынағын,
Соны игерсең, заманыңа ұнадың.
Білім күні құтты болсын, Ұстаздар!
Білім күні құтты болсын, Мұғалім!
Білім күні құтты болсын, Мұғалім
- ramuk_b
- 16 қыркүйек 2019
- 1511
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Білім күні құтты болсын, Мұғалім, ұстаздарға арналған өлеңдер, Ғабиден Қожахмет өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Шәкірттің ұстазын құттықтауы
Дейді солай әкеміз: "Ұстазыңды ұлықта". Дейді солай анамыз: "Сыйлауды әр кез ұмытпа"....Алғашқы ұстазға
Білімнің жинай білсек бүгін нәрін, Ұстаздың еңбегі деп ұғынғаным. Алғашқы ұстаз, бір сіздің арқаңызда, Бұл күнде шарлай алсақ білім бағын....Ұстаздар күні құтты болсын!
Мұғалімдер, тәлім, таным сөздері, Сол арқылы келешекті көздеді. Мамандығы мәртебелі болса да, Кішіктікпен өмір сүрген өздері. Мұғалімдер -...Армысың, алғашқы қоңырау!
Мереке зор қуаныш – Білім күні, Сыңғырла, қоңыраудың алғашқы үні. Қош келдің, құтты болсын қадамдарың, Балдырған, балғын жандар - өмір гүлі....Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.