Алаңдайтын, жанын тыныш қоймайтын
Жан жылуын сен дегенде жоймайтын
Қия басып, қателессең егерде
Анаң ғана уайымдайтын, ойлайтын
Айрылғанда қолыңдағы барыңнан,
Сезінгенде өзіңді әлсіз жарымжан
Қиындығын ұққаныңда өмірдің
Анаң ғана табылатын жаныңнан.
Мына әлем ана дейді жаңғырып,
Біздер жүрміз лайықсызды ән қылып.
Уақыт өтсе сезім деген әшейін
Тек ананың махаббаты мәңгілік.
Көрінеді әлем кейде қараңғы,
Улайды кеп қараңғылық санаңды
Қай кезде де бола білген жаныңда
Ренжіте көрмегейсің анаңды
Өртегенмен өзектерді сан ызғар,
Өтелмейтін бәрібір де парыз бар
Ақ сүт беріп аялаған жасынан
Бүкіл пенде анасына қарыздар.
Анаң ғана
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 1103
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Анаң ғана өлеңі, ана туралы өлеңдер, Нұрайым Нұрқабылова өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні...
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні... Сезімнен кімдер, сірә бақыт құшқан? Күзетіп жын тығылған құмыраны Мысқылдап көз тігеді уақыт дұшпан....Ана туралы шығарма
Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «Ана» сөзінің астарында теңіз сияқты терең ой жатыр....Отбасы
Отбасы - ол, Отаным бақ мекені, Хақ тағала қияды ақ некені. Отбасы - бір мемлекет шағын ғана, Одан ұлы елдер де қап кетеді....Гүлі едің аялаған ата-ананың
Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....Оянбайды бәрібір іштарлығым!
Тамырда қан, бойымда жылуым бар, Құшағыма тоңсаңдар тығылыңдар. Тыңдаңыздар, дүрсілін жүрегімнің, Сол дүрсілден жанымды ұғыныңдар!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.