-Түн түнерді, ұйықтады ауыл,
Сорлы, бейбақ, атаң қайда?..
-Боран мынау, туды дауыл,
Апатайым, атам қайда?..
-Сорлы, бейбақ атаң қайда?
Көр үңгірді боран көмді!..
-Апатай-ау, атам қайда?
Әйнек сынды, білте сөнді...
-Көр үңгірді боран көмді,
Көмді ме екен атаңды әлде?..
-Әйнек сынды, білте сөнді,
Сөнді ме екен атам да әлде?..
-Көмді ме екен атаңды әлде?
Қалқам, қандай күйге түстік?..
-Сөнді ме екен атам да әлде?
Апа-ау, мұнша жасың ыстық!..
-Қалқам, қандай күйге түстік?
Жаным - жара, көңілім - қаяу!..
-Төкпеші, апа, жасыңды ыстық!
Байқашы өзің: боран баяу!
-Жаным - жара, көңілім - қаяу,
Аман ба екен бейбақ атаң?
-Жел де бәсең, боран баяу,
Қарашы, әне, ағарды таң!..
-Аман ба екен бейбақ атаң?
Құлыншағым, қорғаным - сен!
-Міне, атты таң! Аман атам!
Қапа болма, қорғаның - мен!..
Жылқышының үйінде
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 1149
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жылқышының үйінде, Жылқышының үйінде өлеңі, Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай....
Құлыншағым, сөйледің! Шықты-ау тілің
Құлыншағым, сөйледің! Шықты-ау тілің! Жарығым, құйттай күнім! Тіліңдегі "ападан" басқасын мен, айым – ау, ұқпай тұрым!...
Сәуір келгенде
Сәуір күні жаңбырлы ма, желді ме, Қабағынан шуақ шашты келді де, Алты ай қыста үйден шықпай отырған Атама өзі жұмыс тауып берді де....
Қыс
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар....
Пай, пай! Пай!
Сағындым-ау, сағындым-ау! Талықсып, тар төсекке таңылдым-ау! Қапыда қалтылдаған жаным мынау, Жаратқан, нағылдым-ау, нағылдым-ау?!...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.