Балалық шағы -
Патшаның тағы,
Ала алмас оны бағалап.
Көп өтпей жыл,
Тек жүрмей, біл,
Ілгергі күнді сағалап.
Үйрен білім жастықта,
Білмесең, жанға қастық та!
Білімге жүгір,
Жоқ ойдан түңіл -
Ерікке қоймай, ентелеп.
Қайтпас уақыт,
Қал дәмін татып,
Бос өткізбе еркелеп!
Жастық деген - бағасыз,
Қадірін білмес санасыз.
Жастық - алтын,
Құрып қал салтын,
Салты оның - үйрену,
Өнер қуып,
Бел бекем буып,
Надандықтан жирену!
Тұрма, қарғам, ұмтыл!
Аты өшкірден құтыл!
Білімсіз - есек,
Опасыз десек,
Сөйлеп, күліп жүрсе де.
Өлікпен тең,
Ит-құсқа жем,
Тірі боп ғұмыр сүрсе де.
Сондай болма, қарағым,
Даяр болсын жарағың!
Білген жан - көсем!
Сөйлесе - шешен,
Жұртты аузына қаратар.
Істегені - өрнек,
Қор қылмас ермек,
Нәрсені іске жаратар.
Білімдінің сөзі - ем,
Мейірімі көп, етек - кең!
Жұртына мақтаулы,
Сыбаға сақтаулы,
«Пәлі!» деп қарсы алар.
Іс қылар тежеп,
Жан-жүрек өжет,
Бет келгенді арсалар.
Қайда барса - сыйымды,
Білімі - мал, бұйым-ды!
Балалық шағы
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 2512
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Балалық шағы, Балалық шағы өлеңі, Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Түңілу туралы мақал-мәтелдер
Кебін кигеннен түңіл, Кебенек кигеннен түңілме....
Кәрілік туралы мақал-мәтелдер
Сексенде сегіз байлық, Сегіз жарлылық. Шөп те басынан қурайды....
Білім туралы ұлағатты сөздер
Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден. Әлихан Бөкейханов Фантазия білімнен маңыздырақ. Өйткені білімнің шегі бар. Альберт Эйнштейн...
Ұлы Арман
Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда Еңкеймей кірер күн қайда?...
Өмір туралы мақал-мәтелдер
Көп жасап, күміс болғанша Аз жасап, алтын бол. Қорлық өмірден Ерлік өлім артық....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.