Апалап, қуанбастан, жылаған күн,
Жүрем деп қаз-қаз тұрып, құлаған күн.
Еркелеп, құр былдырлап, өтірік жылап,
Алдына апам байғұстың сұлаған күн.
«Апа», «мама» деген сөзге тіл келген күн,
Ауызға тозаң-топырақ, күл келген күн.
Сенделіп мас кісідей ырғаң-қиқаң,
Аттап аяқ басуға әл келген күн.
Біреу ұрысса, қамығып, жас келген күн,
Ойға жалғыз емшек пен ас келген күн.
«Болар енді, тойдым»,- деп ас қайтармай,
Бере берсе, ретпен дес берген күн.
Аяқ басып қотанды, жүгірген күн,
Шешенің емшегінен түңілген күн.
Тыпыр-тыпыр ары-бері жарысқан боп,
«Кімді озды» дегі, атаға жүгінген күн.
Тай мініп, желі айнала жарысқан күн,
Тең құрбы, балалармен алысқан күн.
Қымс етсе: «Әке, апа, тиеді!»- деп,
Жұдырықты кезек-кезек салысқан күн.
Батпаққа, қоға тартып, аунаған күн,
Көңілді ылғи ойынмен аулаған күн.
Ренжу, қабақ шыту, мұңаю жоқ,
Жаңбыры қайғы-зардың жаумаған күн.
Қымбат күн, қолға түспес сен алтын күн
Беретін іздеп тауып жоқты бар қып.
Жарқ еттің, көз ашқанша ғайып болдың,
Ашылмас қара тұман қаптады түн.
Жоғалған алтын
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 1028
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жоғалған алтын, Жоғалған алтын өлеңі, Мағжан Жұмабаев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен....Қанағат туралы мақал-мәтелдер
Жоқты бар десең – құт болар, Барды жоқ десең – жұт болар. Қанағат қарын тойғызар, Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар....Нарында
Әдірә қалған Нарынның Теңіз деген суы бар, Жағасында жағалай біткен Қамыс деген нуы бар....Қарға мен түлкі
Ашылып түлкі жүрді жапандарда, Тамақ іздеп жол шекті сапарларға... Ешнәрсені көре алмай келе жатса, Көзіне түсті алыстан жалғыз қарға....Сөз өнері, тіл туралы мақал-мәтелдер
Сөзге сөз келгенде, Сөйлемесе атасы өледі. Өлең — алтын, Сөз — күміс....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.