Сайтқа кіру Тіркелу

Сұрша қыз

Неше жыл жүрсем дағы мен айдауда,
Шыдаймын, қажымаймын денім сауда,
Дәм жазып осы жолдан аман қайтсам,
Сұрша қыз, көрісерміз Баянтауда.
Боларсың сенде мендей, маған күлсең,
Ханзада, жауыздардан зорлық көрсең.
Есіңнен, күлмек түгіл, айырыларсың,
Айырылып ел- жұртыңнан, қаңғып жүрсең.
Үйімнен ала жаздай шай таппадым,
Орнығып,шіркін көңіл ,жай таппадың,
Мұсаның ол заһарын көрген шақта,
Жыландай қара шұбар қайқақтадым.
Омбыға шошынғаннан жаяу бардым,
Арада күн-күн жүріп тынбай бардым.
Княздың мен бұйрығын әкелсемде,
Пәлеге ашылмастай тағы қалдым.
Мұсамен бастық ояз бірге отырды,
Жүрегім мұны көріп тағы тұрды.
Жұмыстың оңалмасы бұл емеспе,
Екеуі тізе қосып жауап сұрды.
Қорықпай жауап бердім менде сонда.
Қашуға дәрмені жоқ жаяу сорлы.
Әй, Мұса, өлімісің, тірімісің,
Не болды Жамақанның, көремісің!
Несібең елден алар тоқтаған соң,
Бүйтіп жег.ен параңа тісің сынсын.
Сасай азбан бұл күнде болып тұрсың,
Баяғы дуанбастық жоқ қой күшің.
Жазығым не, мырзеке, менің қылған,
Соңыма мұнша түстің параң үшін.
Шаршар күнің болды ғой, жасың жетті.
Менде бала емеспін, шықты тісім.
Кері қайту
Loading...
Ұқсас жаңалықтар:
Арыстан мен тышқан (мысал)

Арыстан мен тышқан (мысал)

Ұйықтапты бір арыстан айдалада, Тыныштықтық алу үшін сай-панада. Үстіне арыстанның ойнақтапты, Бір тышқан іннен шығып сол арада....
Құпия ғой, құпия адам деген

Құпия ғой, құпия адам деген

Құпия ғой, құпия адам деген! Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем, болғандай ем бәрін де көріп, біліп, әлі күнге мен қалай аман келем? Адамдардың...
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын

Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын

Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын, Кім білсін, қандай екен ішкі сырын. Әдепсіз, молда алдында тасыраят, Біле алмай отыруды әнтек қырын....
Жаяу Мұса

Жаяу Мұса

Байжанұлы Жаяу Мұса – қазақ халқының әйгілі әнші - композиторы, ақын. Туған жері – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасы,...
Жаяу-Мұса Байжанұлы

Жаяу-Мұса Байжанұлы

  Жаяу-Мұса туып өскен жері қазіргі Павлодар облысы, Баян ауданы. Әкесі Байжан кедей шаруа адам болған. Жаяу-Мұса жасынан өнерпаз, талапкер...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, математика, математикадан сабақ жоспары, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету