Тұрмын деп астанада, нән қалада,
Алмаймын таңдана да, паңдана да,
Біз жүрміз автобуста сығылысып,
Сен болсаң бір өзіңсің маң далада.
Айнала қызыл гүлден кілем төсеп,
Күтесің қонағыңды, келем десе...
Біздердің жайлауымыз — балкон ғана,
Ал саған бүкіл жайлау — өлең төсек.
Белгілі: қыс қиын де, күз қиын де,
Сен емес жатып алар мызғиын деп.
Суды да, ауаны да, мұз-қарды да
Көресің барлығын да қыз күйінде.
Ақындар қайтып алға жылжымасын,
Оқысаң ойсыз елең — қынжыласың.
Алдымен уыз таңды өзің жұтып,
Алдымен жауқазынды сен жұласың.
Шығарып шопан жайлы қызық аңыз,
Қойшы боп кетсек пе деп қызығамыз.
Суы жоқ тастақ сайға жатып алып,
Өзіңнен қалған Күнге қызынамыз.
Сүңгісе көкала үйрек көлшігінде,
О, көңіл, көріп соны көншідің бе?!
Біздерге,
Қалалыққа жетпегенмен,
Бір өзен бүкіл сенің меншігіңде.
Ауыл жоқ қой бағатын өгізбенен,
Астыңда алағызған семіз дөнен.
Бәрі де сенің үшін қызыметте:
Анау бұлт — көшпелі душ сені іздеген.
Алқынып қара тер боп терлегенің —
Ол сенің абыройыңды бермегенің.
Сондықтан бірінші боп сөз аласың,
Сондықтан өзіңдікі төр дегенің.
Жоқ біздің алабөтен бұлдарымыз,
Даланың өнер қуған ұлдарымыз.
Арналған өздеріне ән менен күй —
Біздің де ертелі-кеш тыңдарымыз.
О, достым, өзін қырмен бір санаған,
Сен үшін жазылмаған жыр садаға!
Алыс деп әсем қала өкінбес ем,
Табиғат жақынырақ тұрса маған!
Шопан
- ramuk_b
- 7 қыркүйек 2019
- 1071
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Шопан, Шопан өлеңі, Қадыр Мырза Әли өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Кім күшті
Күресе де білетін, Тіресе де білетін Алтай бала бәрінен Күштімін деп жүретін....Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір....Жан анама
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам, Бар шуағын баласына арнаған. Бір өзіңнен қуат алып өмірде Сенің салған сара жолды жалғағам....Туған жерге оралу
Әкем сенің төсіңде атын тұңғыш ерттеген, Анам сенің төсіңде тамыр жайып көктеген. Мен де сенен ең алғаш таптым арман өрісін, Сенен ұлы ешкім де...Жеңгеге тілек (қайны, қайын сіңлілер тілегі)
Арнап кетпей гүл-өмірдің жатқа әнін, Біздің үйдің босағасын аттадың. Сондықтан сен ең әдемі жеңгесің, Өзің де әр кез сол қалпыңды сақтадың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.