Сайтқа кіру Тіркелу

Құбақан

Құбақан оң да болды, сол да болды.
Құбақан тарам - тарам жол да болды.
«Оң», «солды» шарласа да шарты келіп,
Жылтырақ қара портфель қолда болды:
Алтыннан көзілдірік көз де болды,
Жыбырлап аузы үзілмес сөз де болды.
Кешегі таудай мінін бүгіп жойып,
Құлпырып сағатында өзге болды.
«Значит», «так сказать» нақыл болды,
Жел қайдан шықса соған жақын болды.
Кешегі кеселді ісін бүркеп, тағып,
Кеуде ұрып, жұрт көзінше батыр болды.
Аяғын кердең, кердең, кердең басты,
Кердеңдеп қыруар жұрт, елден асты.
Қай жерден жалт берерін қайдан білдік,
Қыр өтіп, әзірінше белден асты. Құбақан құбылуды қашан қояд?
Қоймаса елдің тезі қашан жояд?
Шермиген қара портфель тырс - тырс шертіп,
Шығымсыз документке қашан тояд?!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×