Бiздер, сірә, бөтенбіз?
Іздемейсің, біздер, сірә,
бөтенбіз?!
Бәлкім, бәлкім,
болдық іңкар бекер біз?
Жапырағы желмен ұшып жоғалған,
Қайда барып,
паналайды екен күз?
Сол күз ғайып,
Біздің жаққа қыс келді.
Мен ұмыттым,
өзің жайлы түстерді.
Қанатымен қиқу қағып аспанда,
Сонау көктен танытады құс белгі.
Сонау көктен,
Сыбырлайды таныс үн.
Сағынбайды ол,
«Сендік сезім, бәрі сын…»
Жақының да, жалғызың да емес, ол!
Бәлкім, бәлкім,
ең аяулы танысың?
Күрсініс пе, қимастық па?
Қол бұлғап.
Қарды құшып, күмілжиді біздің бақ.
«Көктем әлі бір келер» деп мен жүрмін,
Қайда жүрсіз?
Мен ұнатқан күзді ұрлап?
Толқын Қабылша
Бiздер, сірә, бөтенбіз?
- ramuk_b
- 26 тамыз 2019
- 996
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні...
Маңдайға жазылмаған ғұмыр әні... Сезімнен кімдер, сірә бақыт құшқан? Күзетіп жын тығылған құмыраны Мысқылдап көз тігеді уақыт дұшпан....Бұл өмір...
Тұрады екен белдерден, қыраттардан. Армандардан, аңсатқан мұраттардан Тосылатын сан қилы сұрақтардан, Қимастығы қол бұлғап, жырақтардан, Құрбылар...Бір түрлі
Өткізіппін сенсіз тура мың күнді Бәлкім жүрек болмайтынға ұмтылды Бір кездері "тек сендікпін" деуші едің Сүйіп жүріп, жек көруің бір түрлі...Өзіңменен жүрегім егіз менің
Қасаңсып кеткен кезімде қайрақ тастардай қашалған, кездесіп, сендік сезімге, көзіме балқып жас алғам! Жас алғам - жаным жасарған, көктемгі жердей қан...Қыстырма сөз
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Оқушылардың қыстырма сөз туралы білімдерін одан әрі кеңейтіп, мағынасына қарай ажырата білу, бекіту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.