Жер менен көктің арасын,
Ақ түтін етіп барасың,
Даланың тентек дауылы - ай,
Үнемі солай соғасың.
Суырылып сайдан, жырадан,
Жас талды жұлқып жылаған.
Ақ ұлпа қарды шашасың,
Осы ойын саған ұнаған.
Ышқына шауып белеске
Түсесің неге егеске?
Даланың қайсар жандары
Төзімді келет емес пе?
Ысылдай соғып желің де,
Әзірсің бәрін көмуге.
Далада туған адамдар
Ықтасын іздер дедің бе? Аспанға қарды көтерме,
Әуреге түспе бекерге.
Бәрібір жершіл ұрпақтар
Мекенін тастап кетер ме.
Ерліктің отын қайнат та,
Ерік бер жігер, қайратқа.
Жарасады екен қатал қыс
Адамы өжет аймаққа.
Ақтүтек
- ramuk_b
- 18 тамыз 2019
- 917
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ақтүтек, Ақтүтек өлеңі, Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Шопан
Тұрмын деп астанада, нән қалада, Алмаймын таңдана да, паңдана да, Біз жүрміз автобуста сығылысып, Сен болсаң бір өзіңсің маң далада....Ауылым
Құстарың ерке көлдегі, Тербейді желің құрақты, Құйын да тентек, сендегі Балалық шағым сияқты....Эверестке шығу
Қадалған көз таларлық, Жігер отын жанар ғып, Эверестке шыққандардың тізімі, Саусақпенен санарлық. Махаббат та шың сияқты:...«Аға!» - дедің, бұрылдым
«Аға!» - дедің, бұрылдым Ұп-ұзын екен бұрымың. «Аға!» - дедің, қарадым: Жарқылдап тұр жанарың....Аққала бізде қонақта
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Искакова Кунсулу Төребейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.