Мұғалім әйел алмаңдар...
Өзгерді қазір талғамдар,
Шындықтан көп - ау жалғандар.
Естерің болса еркектер,
Мұғалім әйел алмаңдар!
Жүргеніменен наздана,
Алмайды олар мәз бола.
Мұғалім - әйел жайында,
Сөз қозғайыншы аз ғана.
Жүзінде - күлкі, көзде - мұң,
Айта алмай ішкі сөздерін.
Таяқ жеп ылғи жүреді,
Қатесі үшін өзгенің.
Сынаққа талай дес берген,
Ертерек кетіп, кеш келген.
Діңкесі құрып тұрса да,
Үйге кеп дәптер тексерген.
Ойлаумен қамын жардың да,
Көтерген жүгін нардың да.
Байғұстар шайын ішеді,
Компьютердің алдында.
Ішінде алаң - елеңнің,
Дейді де "бәрін жеңермін".
Мектепке барып түнейді,
Тексеріс келед деген күн.
Ақылдың бәрін тауысып,
Кетер ме есі ауысып.
Тек жазда ғана ерімен,
Алады қайта қауышып.
Білінбей жанның жүдеуі,
Жақсы еркек оның тіреуі.
Сағат болды деп қуанар,
Ауырып қалса біреуі.
Футболға дағы барады,
Тазартады да даланы.
Бағам деп бала - шағаны,
Жүктемені көп алады.
Болғанмен оның киесі,
Көп оның бастық, иесі.
Ағызып қойды миларын,
Жаңаша білім жүйесі.
Баладай жүрген дедектеп,
Аллаға ғана сенед тек.
Байғұстар тағы оқып жүр,
Үш тілді білу керек деп.
Қарамай ақша жоғына,
Қызыққан қымбат тоныңа.
Мұғалім әйел бақ емес,
Келеді сенің сорыңа.
Орындалсын деп армандар,
Алданып енді қалмаңдар.
Ақымақ егер болмасаң,
Мұғалім әйел алмаңдар!
Айнұр Жаппарқұлова
Мұғалім әйел алмаңдар
- ramuk_b
- 9 ақпан 2019
- 2357
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұғалім әйел алмаңдар, мұғалім әйел туралы өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Мықты әйел...
*Мықты әйел боламын деп жүріп, көз жасыңды ешкімге көрсетпей, ішке жұттың. *Мықты әйел боламын деп күндіз - түні еңбек еттің, аз ұйықтадың....Ақ тышқан мен нәресте
Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен) асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір...Әйел
Қай жерде, мейлі, қай елде, Әлемнің мәні - әйелде. Мықтымын десең ойыңды, Әйелге барып дәлелде....Әйел - сенің ақылшың
Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір....Әйел туралы мақал-мәтелдер
Жақсы әйел – ырыс, Жаман әйел – ұрыс. Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, Түбі жоқ сырлас....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.