Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен;
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған -
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған -
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып - айтпай немене,
Құсарлықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!
Қызғыш құс
- ramuk_b
- 17 қаңтар 2019
- 7040
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қызғыш құс, Қызғыш құс өлеңі, Махамбет Өтемісұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Мен сені жүретінмін мақтан көріп
Мен сені жүретінмін мақтан көріп, қызғыш боп, өсек айтқан жаттан қорып. Өзгеше жұрттан бөлек жан дейтінмін, жоқтай бір көлеңкесі таң кейпіңнің....
Түсімде
Басында жаназаның қызғыш көрдім, Сырты — қой, іші — қасқыр бұзғыш көрдім. Жұрт көзінше сүзіліп, түсін бұзып, Тәсбиқ деп кез жарым тас тізгіш көрдім....
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...
Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
№101 орта мектеп мұғалімі Молдағажиева Сауле Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі...
Махамбет Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлеңі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр атындағы № 70 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаржаубаева...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.