Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.
Бәлки қайсақ, бәлки бір ғұннан тудым.
Деп шатыпты біреулер «күннен тудым».
Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым.
Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай.
Ән - жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай.
Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен,
Қалалар да өтіпті түз белінен.
Қаңқалары табылып жатыр қазір
Соғыстар мен жорықтар іздерінен.
О замандас, соларға бір қараңыз:
Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз.
Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,
Өшкендерді табатын бір ғана біз.
Мирасы ма, мұра ма аз ба со да?
Алынбайды алтындай қазбаса о да.
Тереңім көп, тұңғиық тарихым көп,
Жылдар көші том - томдап жазбаса да.
Жаза алмадым, қайтейін, хат білмедім.
Білдім, бірақ, найза мен аттың белін.
Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,
Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім.
Жетпеген жоқ ғылымға зеректігім,
Сезбеген де емеспін керектігін.
Қала бердім жарыққа жол таба алмай,
Қараңғыға тас батып ер екпінім.
Кейін білдім жердің де шар екенін,
Өз өлшемі, өз шегі бар екенін.
Көк өгіз деп көтеріп тұрған соны,
Ысырап боп жүріпті «бәрекелдім».
Ұзақ ұйықтап тұмса түз бесігінде,
Естімеппін Архимед есімін де.
Жерді үйіру қиялы былай тұрсын,
Жемісі де тимепті несібеме.
Танытпады надандық Сократты,
Гомерді де көп ғасыр тоқыратты.
Көзім басыр болса да, ойым көргіш
Мен де ақын ем өзіндей сол бір қарттың.
Келсе ғой далама бұрын олар,
Коперниктер, Джордано Брунолар!..
Қапы кетті қаншама ұл - қыздарым,
Бағы жанса, солардың бірі болар.
Арылмады басымнан замана – түн,
Үйіп - төгіп жазмыш жаманатын.
Европадан жетпіс жыл соң оқыдым
«Коммунистік манифест» ғаламатын.
Соң оқыдым, талайдан бұрын ұқтым,
Түннен күнге күрт басып бұрылыппын.
Бір бөлшегі болғаным қандай бақыт
Россиядай, Лениндей ұлылықтың!
Ал бүгін ше? Бүгін мен азаматпын,
Жаза алатын, ғылымды қаза алатын,
Жаза алатын дүниелік дастандарды,
Жаза алатын тарихқа қазақ атын.
Атымның да кеше ғой танылғаны,
Оған дейін не таңба таңылмады?
Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз –
Шолпан қызы, шапақты таң ұлдары,
Өлеңнің толық нұсқасын жүктеу
Мен – қазақпын
- ramuk_b
- 17 қаңтар 2019
- 22840
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Мен қазақпын өлеңі, Жұбан Молдағалиев, Жұбан Молдағалиев өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Мен қазақпын
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын, Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын. Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын!...Қазақстан - ынтымақ ордасы
Тәуелсіздік кіндігін, Кескен халық бірлігі. Ынтымағы барша ұлттың, Нұрын шашқан күн бүгін....Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы «Асанәлі»балабақшасы Мергенова Динара Мырзасейтқызы...Бейбітшілік жасасын!
Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана...Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Береке негізгі мектебінің математика және информатика пәні мұғалімі Баймұханова Ардақ Сағынғалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.