Қош бол, досым, жақыным!
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.
Тепкісінде соғыстың
Дүние мендеп жатқанда,
Ажал бейне фашист сұм
Қасқыр болып шапқанда! -
Қоян емен, адаммын,
Қайтіп бұғып жатармын!
«Жаны тәтті жаманның» -
Сыналар күні мақалдың.
Сыналар күні жігіттің,
Қош бол, досым, сөз қысқа!
Зіл боп ойым, мен кеттім
Сұрапыл бір соғысқа!
Қоштасу
- ramuk_b
- 3 қаңтар 2019
- 1830
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қоштасу өлеңі, қоштасу, Қасым Аманжолов, Қасым Аманжоловтың өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ажал туралы мақал-мәтелдер
Ажал ажарға қарамайды. Ажал келмей жан шықпас, Қысыр сөзден мән шықпас....Жауынды күні көп жүрме
Жауынды күні көп жүрме, Жар жағасы тайғақ-ты. Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердің күні болғанда, Сол жаман өз басыңа айғақ-ты! Асау тулап...Намыс туралы мақал-мәтелдер
Шөлдің қамысы болмайды. Жаманның намысы болмайды. Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат....Ер есімі - ел есінде
Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...Менің адал досым
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, №17 И. И. Трубицын атындағы ОМГ 4 «а» сынып оқушысы Джорабаев Арген...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.