Сайтқа кіру Тіркелу

Бір түрлі

Өткізіппін сенсіз тура мың күнді
Бәлкім жүрек болмайтынға ұмтылды
Бір кездері "тек сендікпін" деуші едің
Сүйіп жүріп, жек көруің бір түрлі

Кездескенде тіл қатпадың ұяңым
Жанарыңда беймәлім сырлы мұң тұрды
Бар нәрсенің тез болуын қалаушы ең
Асығып кеп, кешігуің бір түрлі

Елестету мүмкін бе бір сәт түнді айсыз
Келіп - кетіп, жоғаласыз, тынбайсыз
Сезіміме куә нұрлы көктем деп
Қысқа айналып кетуіңіз ыңғайсыз

Бола алмадың сырыңа берік, сертіңе
Мен ғана күйген сезімге еріп, өртіңе
Қалағаның басқа әлем бе еді? Міне, енді...
Қоя бердім еркіңе...

Өткізіппін сенсіз, жалғыз, мың түнді
Алмастырып мұңдарыма күлкімді
Сені өзгенің құшағынан көрсем де
Жек көре алмай, сүйетінім бір түрлі... бір түрлі...

(С) Абзал Алтый Аскаров
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×