Бір жаста, екі жаста бесіктемін,
Бес жаста тәңірім берген несіптемін.
Алты жаста қайыңның тозындаймын,
Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,
Он жасымда сүт емген қозыдаймын.
Он бесте жарға ойнаған лақтаймын,
Бой түзеп жиырмада сылақтаймын.
Отызда ағып жатқан бұлақтаймын.
Қырқымда қынаптағы қылыштаймын,
Елуде әрбір істі жұмыстаймын.
Алпыс жаста тай жеген бөрідеймін,
Жетпіс жаста илеген терідеймін.
Жетпістен сексен жасқа келген шақта,
Көтімнен кейін кеттім керідеймін.
Тоқсан жасқа келгенде көр болғаным,
Отқа салған минайым бор болғаным.
Тоқтыға асылғанда әлім келмей,
Баланың баласына қор болғаным.
Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны
- ramuk_b
- 26 желтоқсан 2018
- 1254
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны өлеңі, Шал Құлекеұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Он бес деген жасым-ай
Он бес деген жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырма деген жасым-ай, Көлге біткен құрақтай....Алпыс бір мүшел келді мерттей болып
Алпыс бір мүшем келді мерттей болып, Өтпедің сол мүшелден серттей болып. Кешегі дулап жүрген ер Құлеке, Су тиген, сөне қалдың өрттей болып....Ай, Абылай сен он бір жасыңда
Ай, Абылай сен он бір жасыңда Тұрымтайдай ұл едің. Он бес жасқа келгенде, Арқада Әбілмәмбет төренің Түйесін баққан құл едің....Жастық шақтар
Туған соң анаңыздан шықсаң бірге, Еңбектеп екі жаста жүрдің төрде. Үш жаста талпындыңыз үй ішінде, Төрт жаста қадам асып жүрдің жерде....Жастық шақ туралы ұлағатты сөздер
Жас сыны: қырықта — қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда — ашқарақ бөрідеймін, жетпісте — шала илеген терідеймін,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.