(Көктем)
Күлімдеп қасын керіп келді жылым,
Сұлудай ақық ерін, алтын тұлым.
Көркейіп, көңілінен кетті кірбің,
Көргенде кім де болса мұның түрін.
Жел есіп өңменінен иісі әтірдей,
Көтеріп барлығы да қалды мұрын.
Жай болып жан-жануар, жайнаңдады,
Әлдилеп ана алғандай алдына ұлын.
Шат болып шамадан тыс шалықтады,
Шашқандай шашу қылып інжу, дүрін.
Жайғандай жасыл қамқа жасарып жер,
Жіберді жарқыратып көздің нұрын.
Толқындап теңіз тасып, бұлақ қайнап,
Буланып бау мен шарбақ шашты гүлін.
Түнде - шық, күндіз - қара нөсерменен,
Көкте тұр көтерумен гүлдер кірін.
Сәһәрда сандуғаш пен бұлбұл сайрап,
Қой қоздап, туып жатыр жылқы құлын.
Аспанда ел біткеннің екі көзі,
Есітіп қаңқылдаған қаздар үнін.
Қуанып: «Құтылдық,- деп, - қыс күнінен!»
Түлкілер төкті түгін , малдар жүнін.
Қыбырлап құрт-құмырсқа қаптай өріп,
Тазалап тышқандар да қойды інін.
Мәз-майрам мақұлықаттар болып қалды,
Уайым ұмытылып өткен бұрын.
Мың түрлі минутында гүл құбылды,
Қыздардай күйеулері келген ұрын.
«Етсін, - деп, - мезгілінде халық пайдасын!»
Ұзартты табиғат та тағы күнін.
«Жатсын, - деп, - жанның бәрі рақатта!»
Сияқты құс мамықтай етті түнін.
Дегендей: «Сый сатулы»,сендер де шаш,
Бар болса қаптарыңда арпа, сұлың!
Жыл келді
- ramuk_b
- 21 желтоқсан 2018
- 1201
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жыл келді, Жыл келді өлеңі, Тұрмағанбет Ізтілеуовтің өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Жиырма жылдық кездесу
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем. Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым, Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен....Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Отан туралы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем, Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем....Көктем келді ауылға
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов атындағы орта мектебінің 2 «ә» сынып оқушысы: Қуанышбек Құндыз Мұғалімі Нурманова Жадыра Файзоллакызы...Көктем
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының 1 класс оқушысы Ақпанова Әдемай Жанарбекқызы Класс жетекшісі: Ахметова Э.Д...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.