Сайтқа кіру Тіркелу

Мен қазақ

Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасан қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа тойып.

Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаны тітіркенткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбағыс, Күншығысқа әмірі жеткен.

Кешегі хан Шыңғыстың ұрпағына,
Талай царь, талай князь тәжім еткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанмын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.

Сүйдіріп жүрегімді тартқан менің,
Сарыарқа, Сарыдала туған жерім.
Көк күмбездің астында көк масаты,
Сәулемен алтындаған сары белім.

Кең дала, шаңсыз ауа, таза қоныс,
Иісі аңқып бетім сүйген самал желім.
Кіндік болып малменен жанды өсірген,
Жаз жайлау, күзгі күзек қысқы тебін.

Даламның мен сағынам бек пен ханын,
Ел үшін аямайтын шыбын жанын.
«Қайғысыз ұйқы ұйықтатып»
Қайғырусыз жылқы бақтырып,

Қалыңсыз қатын құштырып,
Алашты «алаш» қылған сабаздарым.
«Топтан торай шалдырмасқа,
Қазақтың бір тайын кәпірге алдырмасқа.

Бір түнде тоқсан ойланып,
Тоғыз төңкерілетін....»

Ел қорғаны ерімнің сүйем бәрін.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мен қазақпын

Мен қазақпын

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын, Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын. Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын!...
Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын (Әдеби кеш)

Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын (Әдеби кеш)

Қандай бақыт қуанышты күн бүгін, Дәлелдеуде Қазақстан елдігін. Арман еткен, қыршын кеткен ағалар, Елің алды егеменді теңдігін....
Сыр сұлуы (Би байқауы)

Сыр сұлуы (Би байқауы)

Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Бекниязова Мақпал...
Сыр сұлуы

Сыр сұлуы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі: Бекниязова Мақпал...
Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

Қазақ атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

Қазақ халқы этногенезі, этносаяси аумақтық тұтастығы туралы және қазақ жүздерінің шығу, қазақ халқының этностық құрамы мен бұлардың қандай...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×