Күллі әлемді қаратқан,
Ең алдымен Алланы айт.
Бойыңа жан таратқан
Аты жақсы Тәңірді айт.
Төрт шәдияр Мұстафа
Кітап ашқан ғалымды айт.
Мұхамметтің аяты,
Алла сөзі Құранды айт.
Пайғамбардың сүндеті
Бес уақытқы намазды айт.
Тәңірім салса аузыңа
Жан жолдасың иманды айт.
Жамандыққа жақсылық
Еткен таза арыңды айт.
Қара қылды қақ жарған
Наушәруандай әділді айт.
Арзы менен күрзіні айт,
Лауқа менен каламды айт.
Құдіретімен жаралған,
Он сегіз мың ғаламды айт.
Ақтан сия танытқан,
Дәуіт пенен қаламды айт.
Сөйлеу үшін жаратқан,
Сөз анасы сәлемді айт.
Тірліктегі сыйласқан,
Ата менен анаңды айт.
Адам үшін жарасқан,
Қызықты нәубет балаңды айт.
Өлгеннен соң жер жұтқан,
Қараң қалар денеңді айт.
Күллі әлемді қаратқан
- ramuk_b
- 12 желтоқсан 2018
- 1463
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Күллі әлемді қаратқан өлеңі, Бұқар жырау өлеңдері, Бұқар жырау
Ұқсас жаңалықтар:
Аруаққа құран бағыштаудың сауабы туралы
Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар зат еді. Әлемнің іші де, тысы да бір өзі. Әлемнен бөлек те емес, бірге де емес құпия қазына...Ғашықпын
Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!? О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын! Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!...Әлемді түгел көрсе де
Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де Қызыққа тоймас адамзат....Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін. Алтын менен күмісті, зергер үшін жаратқан. Арқар менен құлжаны, мерген үшін жаратқан....Дін – тәрбие діңгегі
Тақырыбы: Дін – тәрбие діңгегі...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.