Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!
Әже туралы ән
- ramuk_b
- 11 желтоқсан 2018
- 2810
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әже туралы ән, әже, апа, ана туралы өлең, тақпақ, жыр
Ұқсас жаңалықтар:
Сағындым әже
Өзіңсіз мынау жалғанда, Қайғының орны толар ма? Өмірден өткен жан әжем, Кезек бір келер маған да....Жан анама
Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам, Бар шуағын баласына арнаған. Бір өзіңнен қуат алып өмірде Сенің салған сара жолды жалғағам....Еркіндігім қасиетім
Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің....Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен....Еркелейтін әлі мен, Әжем жақсы бәрінен
Мақсаты: 1) Балаларды әжеге деген сүйіспеншілікке баулу. Әже еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін тіл...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.