Ашу келсе, тұрғызбас,
Артыңа мойын бұрғызбас.
Көрінеу отқа салады,
Орынды жұмыс қылғызбас.
Ыза керсе бойыңды,
Ойлатпайды ойыңды.
Басқызып алсаң, пайда жоқ,
Батпаннан ауыр шойынды.
Ашумен қылған іс емес,
Қайрат та емес, күш емес.
Ашуына билеткен,
Ақылы түзу кісі емес.
Пішінің кетер қуарып,
Аузың, ернің ұзарып.
Тышатұғын баладай
Екі көзің қызарып.
Қабаған иттей арсылдап,
Дуанадай қалшылдап,
Ыза қылған кісінің,
Соңынан қалмай жалпылдап.
Осыдан пайда не шықты?
Мас күнінде нені ұқты?
Ақылға салып ойлашы,
Мұнымен болар кім мықты?
Буындырмай өзіңді,
Бұлтитпай-ақ көзіңді,
Ойланып айтсаң болмай ма
Керекті ғана сөзіңді?
Бойды ашуға билетпе,
Басынан жаман үйретпе.
Адырайып, аптығып,
Бір жеріңді күйретпе.
Билеп алсаң ашуды,
Пайдасыз істен қашуды,
Сонда әдемі байқарсың
Аяқты қалай басуды.
Ашусыз адам болмайды,
Ескеру керек ондайды.
Қапы өткізбей қайырып
Алмағандар оңбайды.
Еріншек, ашу, құмарлық –
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы – осы,
Кісі болса ұғарлық.
Ызақорлар
- ramuk_b
- 3 желтоқсан 2018
- 1226
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ызақорлар, Ызақорлар өлеңі, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек?...Көз туралы мақал-мәтелдер
Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады....Қара сөздер. Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да...Қара сөздер. Абайдың он бесінші қара сөзі
Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты...Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер
Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Қайыр бар жерде ырыс бар. Жақсылықтың ерте - кеші жоқ....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.