...Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң, тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің.
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың.
Кеңестің түбі нараду...
Нәлет біздің жүріске!
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!..
Қырында киік жайлаған
- ramuk_b
- 30 қараша 2018
- 1808
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қырында киік жайлаған өлеңі, Асан қайғы өлеңдері, Асан Қайғы жырау
Ұқсас жаңалықтар:
Уа, Нарын
Абайламай айрылдым Аржақтағы елімнен - Анау Нарын деген жерімнен. Тірі кеттім демеймін - Кем болмады өлімнен....Мұсылманның баласы
Мұсылманның баласы, Сірә, бір кеңес құрыңыз. Бірауызды болыңыз! Қалған елді тосыңыз, Бөтен елмен үйір боп, Еркеңізді қосыңыз....Ұлы Арман
Айналайын Ақ Жайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда Еңкеймей кірер күн қайда?...Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: С. Сейфуллин жайлы қысқаша мәлімет беру, ақынның «Ақсақ киік» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсіндіру. Дамытушылық:...Асан қайғы
Асан қайғы (XV ғасыр) Асан өз заманының асқан ақылгөйі. Жыраудың өзі айтқандай, онан қалған «таза мінсіз асыл сөз» аз болмаса керек, бірақ олардың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.